ЖАҢА HAVAL JOLION-мен БІРГЕ БАСҚА ДИЗАЙНДЫ АШЫҢЫЗ
Жарқын, есте қаларлық бейне және одан да көп ыңғайлылық пен интеллектуалды технологиялар - жаңа HAVAL JOLION ең талапшыл талғамдарға жауап береді. Оның стилі серпіндірек, жабдықтауы байырақ, функционалдылығы кеңірек болды. HAVAL JOLION-мен бірге алға қадам жасаңыз.
HAVAL JOLION
HAVAL JOLION, Көзтартарлық радиатор торы
Көзтартарлық радиатор торы
HAVAL JOLION, Толықтай жарықдиодты оптика
Толықтай жарықдиодты оптика
HAVAL JOLION, Панорамалық төбе
Панорамалық төбе

Экстерьер

HAVAL JOLION, Ойықталған эко-былғарыдан жасалған орындықтар

Ойықталған эко-былғарыдан жасалған орындықтар

Тыныс алатын қаптау материалының арқасында жайлылықтың жоғары деңгейі

HAVAL JOLION, Алдыңғы орындықтардың электрлік реттелімі

Алдыңғы орындықтардың электрлік реттелімі

6 бағыттағы электрлік реттеу жүргізуші орындығын ыңғайлы деңгейге дейін мінсіз реттеуге мүмкіндік береді. Жолаушы орындығының да 4 бағыттағы реттеуі бар.

HAVAL JOLION, Жүргізуші орындығын желдету

Жүргізуші орындығын желдету

Рөл бойындағы ұзақ сапарлардағы жайлылық пен ыңғайлылық, кез-келген ауа-райына төтеп беріңіз

САЛОННЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ ТҮСТЕРІ

HAVAL JOLION, Қара

Қара

HAVAL JOLION, Терракотовый

Терракотовый

Технологиялар

HAVAL JOLION, Проекциялық дисплей

Проекциялық дисплей

Дисплей борттық компьютер деректерін алдыңғы әйнектің төменгі жағына шығарады. Проекцияның жарықтығы жүргізушінің көзін шаршатпау үшін реттеледі.

HAVAL JOLION, 12.3" сенсорлық экраны бар мультимедиялық жүйе

12.3" сенсорлық экраны бар мультимедиялық жүйе

Ажыратымдылығы жоғары үлкен дисплей мультимедиялық жүйені, климатты және жайлылық опцияларын ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жедел қол жеткізуді қажет ететін функциялар экран астындағы түймелер түрінде бөлек шығарылған.

HAVAL JOLION, Сымсыз зарядтау құрылғысы

Сымсыз зарядтау құрылғысы

Зарядтағыш орталық консольдің ортасында ыңғайлы орналасқан. Смартфон кенеттен ауытқулар болған жағдайда да сенімді түрде бекітілген

HAVAL JOLION, 7 дюймдік цифрлық аспап-құралдар панелі

7 дюймдік цифрлық аспап-құралдар панелі

Жоғары ажыратымдылықтағы экран жүргізушінің көз алдында барлық қажетті ақпаратты көрсетеді, күндіз оңай оқылады және түнде көзді шаршатпайды

HAVAL JOLION, USB ағытпалары

USB ағытпалары

Сымсыз зарядтау құрылғысынан бөлек, HAVAL JOLION барлық саяхатшылар өз құрылғыларын зарядтауға мүмкіндіктері болуы үшін USB ағытпаларымен жабдықталған. Олар арқылы телефонды автокөліктің мультимедиялық жүйесіне де қосуға болады.

ҚАУІПСІЗДІК

HAVAL JOLION, Бейімделгіш круиздік бақылау

Бейімделгіш круиздік бақылау

Жүргізуші белгілеген жылдамдықты автоматты түрде сақтайды, сондықтан жүргізушіге ұзақ сапарларда аяғын басқыштарда ұстаудың қажеті жоқ.

HAVAL JOLION, 360° айнала шолу камерасы

360° айнала шолу камерасы

Камерадан алынған сурет кез келген қиын және кейде әдеттен тыс жағдайлар үшін әрбір жүргізушіге оңай реттеледі

HAVAL JOLION, Автоматты тұрақ жүйесі

Автоматты тұрақ жүйесі

Жаңа HAVAL JOLION қолайлы орынды тауып, көлікті автономдық режимде ақырын тұраққа қоя алады. Жүргізушіге тек автоматты тұрақ режимін қосу керек.

HAVAL JOLION, Автокөлікті жолақ ортасында сақтау және ұстап қалу жүйесі*

Автокөлікті жолақ ортасында сақтау және ұстап қалу жүйесі*

HAVAL JOLION камерасы таңбалауды көреді және борттық компьютер жүргізуші алаңдаса, автокөліктің жолақтан тыс қозғалмауын қадағалайды.

HAVAL JOLION, Төмен жылдамдықтағы қозғалыс функциясы

Төмен жылдамдықтағы қозғалыс функциясы

Үлкен қалалар үшін ерекше таптырмас жүйе. Кептелісте қозғалу кезінде жүргізушінің рөлі тек жолдағы жағдайды бақылау болады, ал бұл уақытта көлік баяу ағынмен өздігінен қозғалады

HAVAL JOLION, «Соқыр» аймақтарды бақылау жүйесі

«Соқыр» аймақтарды бақылау жүйесі

Көліктің артқы жағындағы оң және сол жақта артқы көрініс айналары арқылы көрінбейтін соқыр аймақтар бар. HAVAL JOLION бұл аймақтарды бақылайды және басқа көлік сол жерде жүрсе, жүргізушіні ескертеді

HAVAL JOLION, Жол белгілерін тану

Жол белгілерін тану

HAVAL JOLION камерасы ешқандай белгіні жіберіп алуға мүмкіндік бермейді және оның суретін цифрлық аспап-құралдар панеліне және проекциялық дисплейге шығарады.

КӨБІРЕК ЖАЙЛЫЛЫҚ

HAVAL JOLION, Екі аймақтық климатты бақылау

Екі аймақтық климатты бақылау

HAVAL JOLION салонында сізге қолайлы температураны таңдау жеткілікті, ал климатты бақылау оны автоматты түрде сақтайды. Жолаушы жүргізушінің параметрлеріне қарамастан температураны өзі реттей алады.

HAVAL JOLION, Жылы опциялар

Жылы опциялар

Суық мезгілде HAVAL JOLION жүргізуші мен жолаушыларды ерекше жылы қарсы алады. Көліктегі барлық орындықтар үш деңгейлі жылытумен жабдықталған. Бұған қоса, рөл дөңгелегі, алдыңғы әйнек және шыны жуғыш бүріккіштері жылытылады.

HAVAL JOLION, Отырғызу эргономикасы

Отырғызу эргономикасы

HAVAL JOLION-ның артқы есіктері кең ашылады – бұл отырғызу кезінде өте ыңғайлы, әсіресе баланы балалар креслосына қою керек болса. Алдыңғы есіктерде сақтау үшін көлемді «қалталар» жасалған.Жүксалғыш есігінің тұтқасы жол кірі оған түсіп кетпейтіндей және қолыңызды ластамайтындай қылып орналастырылған.

HAVAL JOLION, Жарық пен жаңбыр датчиктері

Жарық пен жаңбыр датчиктері

Фотоэлементтер ауа-райын мен табиғи жарықтағы өзгерістерді тіркейді. Жаңбыр немесе қар жауа бастайды - HAVAL JOLION шыны тазалағыштарды қосады, қараңғы түссе - фараларды қосады. Барлығы автоматты түрде болады. Еш алаңдамай көлік жүргізуден ләззат алуға болады.

HAVAL JOLION, Артқы көрініс айнасын қараңғылату функциясы

Артқы көрініс айнасын қараңғылату функциясы

Қараңғы уақытта трасса бойымен жүргенде, егер артқы жақта алысқа түсетін жарықпен жүріп келе жатқан көлік пайда болса, жүйе автоматты түрде артқы көрініс айнасын қараңғылатады.

ЕНЖАР ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ

HAVAL JOLION, Алты қауіпсіздік жастығы

Алты қауіпсіздік жастығы

Жүргізуші мен жолаушы алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтарымен қорғалған. Қауіпсіздік перделері барлық жолаушыларды бүйірлік соққылардан қорғайды.

HAVAL JOLION, Жоғары берікті болаттан жасалған шанақ

Жоғары берікті болаттан жасалған шанақ

HAVAL JOLION салоны жоғары берікті болаттан жасалған деформацияға төзімді қаңқамен қорғалған. Шанақтың сыртқы бөліктері бағдарламаланған деформацияға дайындалған, олар соққы энергиясын сіңіреді. Бұның бәрі бірге автокөлік салонындағы адамдарды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

HAVAL JOLION, 1.5T бензинді қозғалтқыш

1.5T бензинді қозғалтқыш

HAVAL JOLION қозғалтқышының қуаты жоғары және айналу сәті 200 Нм-ден асады. Бұл жүргізушіге жолда өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Қозғалтқышта оны тиімді және үнемді ететін инновациялық техникалық шешімдер жүзеге асырылған.

HAVAL JOLION, L. E. M. O. N. инновациялық платформасы

L. E. M. O. N. инновациялық платформасы

HAVAL JOLDON құрастырылған L. E. M. O. N. платформасы керемет эргономикаға, жеңілдікке және беріктікке ие. Төмендетілген салмақ динамика мен үнемділікті жақсартады. Ал беріктік қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.

HAVAL JOLION, Жеті сатылық қос ілінісі бар беріліс қорабы

Жеті сатылық қос ілінісі бар беріліс қорабы

«Дымқыл» типті қос ілінісі бар роботтандырылған беріліс қорабы - нарықта өзін танытқан уақытпен тексерілген шешім.

HAVAL JOLION, Толық жетек жүйесі

Толық жетек жүйесі

Қосылатын толық жетек жүйесі көлікті басқарылуын айтарлықтай жақсартады, автотұрақтағы қар құрсауынан оңай шығуға және ауылдық жолда да, қар басқан жолда да өзінді сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, толық жетек қажет болған кезде ғана автоматты түрде қосылады, бұл отынды үнемдеуге ықпал етеді.

Көбірек білу